«Ерімбет ата» мешітінің ұстазы Әмина Алмасқызының ұйымдастыруымен Қарағанды облыстық деңгейінде әйел-қыздар арасында «Духа» мен «Нәс» сүрелері аралығындағы Құран жарысы өткізілді.
Жарысқа облыстың әр өңірінен келген қатысушылар белсенділікпен қатысып, Алланың кәләмін жатқа оқып, Құранға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Қазылар алқасы ретінде арнайы шақырылған ұстаздар қатысушылардың тәжуид ережелерін сақтауын, көркем мәнерлеп оқуын және жаттау деңгейлерін мұқият бағалады.
Жүлде қоры:
1-орын — 50 000 тг
2-орын — 30 000 тг
3-орын — 20 000 тг
Сондай-ақ барлық қатысушыларға ынталандыру мақсатында қаржылай сыйлықтар мен арнайы сертификаттар табысталды.
Бұл жарыс — әйел-қыздар арасында Құран ілімін насихаттап, рухани дамуға жол ашатын игі бастамалардың бірі болды. Алла Тағала барша қатысушыға Құранмен өмір сүруді, біліммен нұрлануды нәсіп етсін!
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі