Center Image
IHSAN.KZ
«Дархан дала» жобасы аясында «Баян батыр» мазары зиярат етілді
«Дархан дала» жобасы аясында  «Баян батыр» мазары зиярат етілді

ҚМДБ-ның жылдық жоспарына сай «Дархан дала» – отандық туризмді дамыту бағыты аясында Шет ауданына қарасты Ақжал кентінің имамы Богдан Насырұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты тарихи және рухани маңызы зор «Баян батыр» мазарын зиярат етті.

Шараның мақсаты – еліміздегі киелі жерлер мен тарихи тұлғаларды таныту, отансүйгіштік сезімді ояту және діни-рухани танымды арттыру болды.

Зиярат барысында имам Богдан Насырұлы қатысушыларға Баян батырдың ерлік жолы мен ел тарихындағы орны туралы кеңінен мағлұмат берді. Сондай-ақ, исламдағы зиярат әдебі мен оның рухани мәніне тоқталды.

Мешіт жамағаты үшін ұйымдастырылған бұл сапар көпшілікке үлкен әсер қалдырды. Қатысушылар рухани тыныштық пен ерекше шабыт алғандарын айтып, осындай игі іс-шаралардың жиі өткізіліп тұруының маңыздылығын атап өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz