Қарағанды облысы Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы «Жат діни ағымдардан сақтандыру және оңалту» бағыты бойынша мешіт жамағатына тағылымды уағыз-насихат айтты.
Кездесу барысында имам жамағатқа дәстүрлі Исламның асыл құндылықтарын түсіндіріп, діни тұрақтылық пен бірліктің маңызына тоқталды. Сонымен қатар, жат ағымдардың қоғамға тигізер зияны, олардың белгілері мен сақтану жолдары туралы жан-жақты мәлімет берілді.
Берік Алпысбайұлы жастарды діни сауаттылықты арттыруға, діни мәселелерде тек ресми дереккөздер мен ҚМДБ ұстанымына сүйенуге шақырды. Сондай-ақ, дін мен дәстүрдің өзара сабақтастығы туралы мысалдар келтіріп, имандылық пен бірлік – ел берекесінің бастауы екенін атап өтті.
Шара соңында жамағат көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мазмұнды уағыз үшін имамға алғыстарын білдірді.