Center Image
IHSAN.KZ
Бұқар Жырау ауданында дзюдо сайысы өтті
Бұқар Жырау ауданында  дзюдо сайысы өтті

25 қазан — Республика күніне орай Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Рүстем Мұратұлының ұйымдастыруымен дзюдо спорт түрінен жарыс өткізілді.

Шараның басты мақсаты — жастарды салауатты өмір салтына баулу, тәртіп пен табандылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ мешіт жамағаты мен жас буын арасындағы өзара достық пен ынтымақты арттыру болды.

Жарысқа аудан жастары мен мешіт шәкірттері қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар белсенділік танытып, әділ қазылар шешімімен үздік спортшылар марапатталды.

Іс-шара соңында имам Рүстем Мұратұлы қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, ел болашағы жастардың қолында екенін атап өтті. Сондай-ақ, жастарды спортпен шұғылдануға, уақытты тиімді өткізуге және ұлт денсаулығына үлес қосуға шақырды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz