25-қазан Республика күніне орай Қарағанды қалалық «Хазрет Али» мешітінің имамы Ербол Мұқанұлының ұйымдастыруымен Әлихан Бөкейхан ауданындағы қарттар үйіне зиярат жасалды.
Іс-шара барысында мешіт имамы қарияларға ыстық ықыласын білдіріп, тағылымды насихат айтты. Ол өз сөзінде Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Мейірімділік көрсетпегенге мейірімділік танытылмайды», – деген өсиетін еске салып, үлкенге құрмет көрсетудің исламдағы орнына тоқталды.
Ербол Мұқанұлы мен мешіт қызметкерлері ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты аналарды өз ата-анасындай қарап отырған мекеме басшысы мен ұжым мүшелеріне ризашылықтарын білдірді.
Сонымен қатар, қарттарға мешіт атынан жеміс-жидекке толы себеттер табысталды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі