Center Image
IHSAN.KZ
ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

19 қазан – Құтқарушылар күніне орай Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында имам елдің тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында аянбай қызмет етіп жүрген ТЖД қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, олардың еңбегін жоғары бағалады. Сондай-ақ, қоғамдағы ізгілік пен жауапкершіліктің маңызы жайында уағыз-насихат айтып, рухани тәрбие тақырыбында пікір алмасты.

Шара соңында мешіт тарапынан мекеме басшылығына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты кітабы сыйға тартылды.

Кездесу жылы көңіл күйде өтіп, тараптар алдағы уақытта да өзара ынтымақтастық пен рухани бағыттағы байланыстарды нығайтуға ниет білдірді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz