Center Image
IHSAN.KZ
«СПОРТ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ»: ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ
«СПОРТ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ»:  ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігіне қарасты «Әйел-қыздар» секторының «Ханифа»  қыздар даму клубының ұйымдастыруымен “Спорт – денсаулық кепілі” атты спорттық сайыс өтті.

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Әйгерім Берікболқызының ұйымдастыруымен өткен іс-шараның негізгі мақсаты – әйелдер мен қыздар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық бірлікті арттыру және спортқа деген қызығушылықты ояту болды.

Сайысқа қатысқан әйелдер мен қыздар бірнеше кезеңнен тұратын эстафеталық жарысқа қатысты. Эстафета төмендегідей бөлімдерден тұрды:

  1. “Скакалка” кезеңі – қатысушы 20 рет секіріп, содан кейін скакалканы тастап белгіленген нүктеге дейін жүгіріп қайтты.
  2. “Доп” кезеңі – қатысушы допты аяғымен футболдағыдай жүргізіп, белгіге дейін барып айналып қайтты.
  3. “Қаппен секіру” кезеңі – қатысушы қапқа кіріп белгіге дейін секіріп барып, кері қайтты.
  4. “Таяқшаны тапсыру” кезеңі – қатысушы белгіленген жерге дейін жүгіріп барып, эстафетаны келесі қатысушыға табыстады.
  5. “Жастықпен баланс” кезеңі – қатысушы басына жастық қойып, тепе-теңдікті сақтай отырып белгіге дейін айналып өтті.

Сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, жоғары көңіл-күйде өнер көрсетті. Іс-шара соңында жеңімпаздар мен қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс білдіріліп, естелік сыйлықтар табысталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz