Center Image
IHSAN.KZ
Рухани келісім және Республика күніне орай Қарағанды облысының дін қызметкерлері марапатталды
Рухани келісім және Республика күніне орай Қарағанды облысының дін қызметкерлері марапатталды

Қарағанды облысы әкімдігі мен Қарағанды облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Рухани келісім күні және Республика күні мерекесіне орай дін саласында абыройлы қызмет атқарып жүрген бірқатар облыс дін қызметкерлері марапатталды.

Шара барысында қоғамдағы рухани тұрақтылық пен ынтымақты нығайтуға, дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеуге, ел бірлігін арттыруға үлес қосқан ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігіне қарасты дін қызметкерлеріне облыс әкімдігі мен дін істері басқармасының Алғыс хаттары және естелік сыйлықтары табысталды.

Салтанатты жиында ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған өңір имамдары марапат иегері атанды.

Атап айтқанда, дін қызметкерлері төмендегі номинациялар бойынша марапатталды:

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Бақдәулет Қыдырбайұлы – «Үздік дін қызметкері»;

Саран қалалық мешітінің имамы Нұржігіт Оразалыұлы – «Үздік тәлімгер ұстаз»;

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Махмуд қажы Нұрұлы – «Үздік ғибадатхана»;

Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің молдасы Мирас Ерланұлы – «Үздік сауапты іс» номинациясы бойынша марапатталды.

Марапаттарды Қарағанды облысының дін істері басқармасының басшысы Жанболат Ахуанұлы табыстап, дін қызметкерлерінің қоғамдағы рухани келісімді, тұрақтылық пен бірлікті сақтаудағы еңбегіне жоғары баға берді.

Іс-шара соңында марапат иелері естелік суретке түсіп, облыстық дін істері басқармасына және ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz