Республика күні мерекесіне орай Қарқаралы ауданына қарасты Нүркен ауылдық мешітінде мерекелік кездесу өтті. Іс-шараны ауыл мешітінің молдасы Айсин Қайыржан ұйымдастырды.
Шара аясында ауыл қариялары арнайы шақырылып, мерекелік дастархан жайылды. Басқосу барысында мешіт дін қызметкері Айсин Қайыржан ата-бабадан жалғасқан дін мен дәстүр сабақтастығының маңызына тоқталып, халқымыздың рухани құндылықтары мен бірлік-берекенің қадірі жайлы тағылымды уағыз айтты.
Қариялар өз кезегінде елдің тыныштығы мен өсіп-өркендеуіне тілектестіктерін білдіріп, жастарға өнегелі насихаттарын жеткізді.
Мерекелік шара ауыл тұрғындары арасында жылы ықыласқа ие болып, Республиканың басты құндылығы саналатын бірлік пен татулықтың маңызын айшықтай түсті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы