Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Машани» мешітінде отбасылық құндылықтар талқыланды
«Әл-Машани» мешітінде отбасылық құндылықтар талқыланды

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен әйел жамағатына арналған кезекті рухани отырыс өтті.

Шараның мақсаты – әйел жамағатының діни сауатын арттыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау және қоғамдағы рухани тәрбие мен өзара түсіністікті нығайту болды.

Кездесу барысында «Отбасындағы әлеуметтік жағдай» тақырыбы кеңінен талқыланып, отбасындағы береке-бірлікті сақтау, ер мен әйелдің жауапкершілігі, сондай-ақ балалар тәрбиесіндегі ананың рөлі туралы пайдалы пікірлер айтылды. Ұстаз Бақытгүл Айтқалиқызы әйел жамағатына Құран мен хадистер негізінде отбасылық татулық пен сабырдың маңызы жөнінде насихат айтты.

Шәкірттер өз ойларын ортаға салып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу жылы жүзді сұхбат пен ізгі ниетке толы рухани отырыс ретінде өтті.

Шара соңында берекелі дастархан жайылып, қатысушылар Құран оқып, ел мен жердің амандығы, отбасылардың бірлігі мен берекесі үшін дұға жасады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz