Center Image
IHSAN.KZ
«QAZQUS» ЖШС БӨДЕНЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫН ИЕЛЕНДІ
«QAZQUS» ЖШС БӨДЕНЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫН ИЕЛЕНДІ
Қарағанды облысы, Бұқар-Жырау ауданына қарасты Үштөбе ауылында орналасқан «QAZQUS» ЖШС бөнеде шаруашылығы ҚМДБ Халал Даму ЖШС-ның сертификатын иеленді.

Сертификатты Халал Дамудың Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Амангелді Дәулеткелдіұлы табыстады.

Шығыс Азия елдерінде, соның ішінде, Қытай, Жапония және Үндістанда айрықша дамыған құс шаруашылығы саласына жататын бөдене өсіру ісі елімізде де дамып келеді. 

Аталған кәсіпорын аумағында толыққанды аудит шаралары орындалып, құстың жем-азығы, қасапханасы, өңдеу цехы, санитарлық тазалығы тексерілді. 

Сонымен қатар, қасапшыларға шариғат талаптарына сай мал бауыздау ережелері мен тәртіптері түсіндірілді.

Алдағы уақытта «QAZQUS» ЖШС бөнеде шаруашылығының жұмысы берекелі болсын демекпіз.

Бөнеде шаруашылығы Қарағанды облысы, Бұқар-Жырау ауданы, Үштөбе ауылдық округі, Үштөбе ауылы, есептік орам 031, құрылыс 1021 мекен-жайында орналасқан.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz