25 қазан – Республика күні мерекесіне орай Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде өлең оқу сайысы ұйымдастырылды. Шара мешіт имамы Рауан Төлеубекұлының ұйытқы болуымен өтті.
Сайысқа мешіт жанындағы шәкірттер мен жас жамағат белсенді қатысып, ел бірлігі, тәуелсіздік, отансүйгіштік және рухани құндылықтар тақырыбында өлеңдер оқыды. Әрбір қатысушы өз өнерін жүрекпен жеткізіп, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Қазылар алқасы жас өрендердің талпынысын жоғары бағалап, ең үздік деп танылған қатысушыларды марапаттады. Қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Іс-шара соңында мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы сөз сөйлеп, сайыстың мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезім мен рухани байлықты қалыптастыру, ел мерейін асқақтатуға үлес қосу екенін атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы