Қарқаралы ауданына қарасты Қарабұлақ ауылдық мешітінің имамы Ербол Жұмадиділов мектеп оқушыларымен жат ағымның алдын алуға арналған кездесу өткізді.
Кездесу барысында имам жастарға дәстүрлі исламның құндылықтары мен адамгершілік қағидаттары жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жат ағымдардың белгілері мен олардың қоғамға тигізер зияны туралы кеңінен насихат айтты.
Сондай-ақ, оқушыларға діни ақпаратты тек сенімді дереккөздерден алу қажеттігі ескертіліп, отбасындағы тәрбие мен ұстаздың рөлінің маңыздылығы айтылды.
Шараның басты мақсаты – жастардың діни сауатын арттырып, олардың бойында рухани иммунитет қалыптастыру және теріс идеологиялардың ықпалынан сақтандыру болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы