Center Image
IHSAN.KZ
«Хазрет Али» мешітінде дін мен дәстүр сабақтастығы тақырыбында насихат өтті
«Хазрет Али» мешітінде дін мен дәстүр сабақтастығы тақырыбында насихат өтті

Қарағанды қалалық «Хазрет Али» мешітінде «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында рухани насихат айтылды. 

Шара барысында мешіттің наиб имамы Тилманов Танат жиналған жамағатқа дін мен дәстүрдің өзара байланысы, ұлттық салт-дәстүрдің Ислам құндылықтарымен үйлесімі туралы әсерлі уағыз айтты.

Жиын соңында ата-баба рухына арналып Құран оқылып, елдің амандығы мен бірлігін тілеу дұғасы жасалды.

Бұл шара жамағатты рухани бірлікке, салт-дәстүрді дәріптеу арқылы діннің мәнін терең ұғынуға үндеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz