Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы «Отарбай Лаура» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі «Myaso_et_laura» ет дүкені «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатын жаңартты.
Сертификаттау барысында «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Амангелді Асқаров дүкен аумағында аудит жүргізіп, өнім өндіру және сақтау процестерінің талаптарға сәйкестігін тексерді.
Аудит нәтижелері оң бағаланып, дүкенге «QMDB Halal» стандарты бойынша ресми сертификат табысталды.
«Myaso_et_laura» ет дүкенінің иелері тұтынушыларға адал өнім ұсыну жауапкершілігін жоғары бағалайтынын және бұл сертификат сапа мен сенімділіктің белгісі екенін атап өтті.
«Myaso_et_laura» ет дүкенінің мекен-жайы:
ҚР, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Абай көшесі, 70 а.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы