Center Image
IHSAN.KZ
«Ата-ананың қадірі»: «Әл Машани» мешітінде тағылымды насихат жүргізілді
«Ата-ананың қадірі»: «Әл Машани» мешітінде тағылымды насихат жүргізілді

Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің  ұстазы Гүлнұр Қаныбекқызының ұйымдастыруымен «Ата-ананың қадірі» тақырыбында рухани бағыттағы іс- шара болып өтті.

Насихат барысында әйел-қыздар жамағатына ата-анаға құрмет көрсету, әдеп пен тәрбиенің маңызы жайында түсіндірілді.

Уағыз барысында Құран аяттары мен Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-нің хадистеріне сүйене отырып, әрбір мұсылманның ата-ана алдындағы міндеттері, жұмсақ мінез, құрмет, мейірім мен шүкіршілік туралы айтылды.

Сондай-ақ анаға ерекше құрмет көрсету, оның разылығын алу, ата-анаға дұға ету және оларды разы етудің берекеті жөнінде әсерлі мысалдар келтірілді.

Жамағатпен сұрақ-жауап жүргізіліп, ата-анамен қарым-қатынас әдебі, отбасы ішінде сыйластық пен сабырлы болу, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілік мәселелері де талқыланды.

Кездесу соңында жиналған жамағатқа отбасы құндылығын сақтау, ата-ананы құрметтеу және ізгі амалдарды көбейту жөнінде өсиеттер айтылып, дұға жасалды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz