Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлы асыл дініміздің өркендеуіне үлес қосып, түрлі игі істерге қолдау білдіріп жүрген дін жанашырларын марапаттады.
Шара барысында мешіт қабырғасында тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқан рухани-танымдық, тәрбие бағытындағы және қайырымдылық іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болып жүрген ұстаз Ергожина Ажар Кидирмановна бастаған белсенді әйел-қыздар жамағатына алғыс хат табысталып, сый-сияпат көрсетілді.
Имам Асылхан Нұртайұлы жамағаттың ынтымағы мен бірлігі, сондай-ақ ортақ істерге белсенді араласуы мешіт қызметінің дамуына және діни сауаттың артуына үлкен үлес қосатынын атап өтті.
            
          
            
            
            
            
            
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы