Center Image
IHSAN.KZ
Қазыбек би мешітінде апталық «Пәтуа сағаты» өтті
Қазыбек би мешітінде апталық «Пәтуа сағаты» өтті

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде дәстүрлі апталық «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылды. Шара барысында мешіт ұстазы Мамыт Оразалы Ноянұлы жамағатқа өзекті діни мәселелер жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бұл жолғы сабақта «Тендерге қатысу», «Мәйіттің денесін тілу» және «Мешіттен тыс жерлерде жұма намазын оқу» тақырыптары талқыланды. Дәріс барысында қатысушыларға шариғат үкімдері мен ғалымдардың пікірлері жан-жақты түсіндірілді.

Шара соңында жамағат сұрақтарына жауап беріліп, діни сауатты арттыру бағытындағы түсіндірме жұмыстары жалғастырылды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz