Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен «Аталар мектебі» мүшелерінің кезекті жиын өтті.
Жиын барысында қариялардың құрметіне арнайы дастархан жайылып, ел бірлігі, ұрпақ тәрбиесі, сондай-ақ дін мен дәстүр сабақтастығы бағытында тағылымды әңгімелер қозғалды.
Ақсақалдар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға өнегелі кеңестерін айтты.
Мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлы ақсақалдарға алғысын білдіріп, олардың қоғамдағы орны мен жастар тәрбиесіне қосар үлесінің ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы