Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Игі шараға мешіт қызметкерлері мен ерікті жамағат өкілдері белсене қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Акция барысында мешіт ауласы мен айналасы ретке келтіріліп, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған жұмыстар атқарылды. Қатысушылар табиғатты қорғау мен тазалық сақтау – әрбір мұсылманның имани борышы екенін атап өтті.
Мешіт ұжымы ұйымдастырған бұл шара қоғамда имандылық пен ұқыптылық мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ жамағат арасында экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған игі бастама болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы