Center Image
IHSAN.KZ
«Ғыйзат қажы» мешіті ауласы қардан тазартылды
«Ғыйзат қажы» мешіті ауласы қардан тазартылды

Бұқар жырау ауданына қарасты Байқадам ауылдық «Ғыйзат қажы» мешітінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық шарасы өтті.

Шараны ауыл имамы Ерлан Орынбай ұйымдастырып, мешіт жамағаты мен ауыл тұрғындарын табиғатты аялауға, тазалыққа мән беруге шақырды.

Акция барысында мешіт ауласы мен айналасы тазаланып, қар мен қоқыстан арылды.

Имам Ерлан Орынбай тазалық – имандылықтың айнасы екенін айтып, жамағатты өз ортасын таза ұстауға, жақсы үлгі көрсетуге үндеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz