Center Image
IHSAN.KZ
«Әке көрген оқ жонар»: Ер бала тәрбиесіне арналған спорттық шара
«Әке көрген оқ жонар»: Ер бала тәрбиесіне арналған спорттық шара

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің ұйымдастыруымен ер балалардың тәрбиесіне арналған «Әке көрген оқ жонар» атты спорттық шара өткізілді.

Шара барысында мешіттің наиб имамы Әсет Наурызбайұлы шәкірттерге қазақтың дәстүрлі ойындары – садақ ату мен асық ойынын көрсетіп, олардың тарихы мен тәрбиелік мәні жөнінде толық түсіндірді. Сонымен қатар, балалардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыруға, рухани және мәдени құндылықтарды насихаттауға ерекше көңіл бөлінді.

Шараның басты мақсаты – жас ұрпақты ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарға баулу, олардың бойында елжандылық пен ізгі қасиеттерді қалыптастыру. Қатысушылар өзара жарысып, ойын арқылы шапшаңдық пен тапқырлықтарын дамытты.

Мешіт ұжымы бұл іс-шараны дәстүрлі түрде өткізіп, жастарды ұлттық мәдениетке қызықтыруды әрі қарай да жалғастыруды жоспарлап отыр.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz