Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) өмірбаянына арналған уағыз-насихат өтті. Іс-шараны әйел-қыздар секторы ұйымдастырып, оған әйелдер жамағаты ерекше ықыласпен қатысты.
Ұстаз Амангелді Меруерт жиналған жамағатқа Пайғамбарымыздың (с.а.с) өнегелі өмірі мен көркем мінезі жайында әсерлі уағыз айтып, оның өнегесін күнделікті өмірде үлгі етуге шақырды.
Мұндай игі шаралар жамағаттың діни білімін арттырып, Пайғамбарымыздың (с.а.с) сүннетін ұстануға деген сүйіспеншілікті күшейтеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы