Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері арасында «Бақытқа бастар бағдаршам» атты Құран жарысы өткізілді.
Жарыстың басты мақсаты – шәкірттерге қасиетті Құран Кәрімді мәнерлеп оқу арқылы рухани тәрбиесін арттыру, имандылыққа баулу және жас буынның діни білімін жетілдіру.
Іс-шара барысында әділқазылар алқасы қатысушылардың оқу шеберлігін мұқият бағалап, әділ баға берді.
Имам Рауан Төлеубекұлы жарыстың мәні мен мақсатын түсіндіріп, шәкірттерге Құранға деген құрметтің маңызын жеткізді.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы