Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің шәкірттері Құран жарысына қатысты
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің шәкірттері Құран жарысына қатысты
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің шәкірттері Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен өткен Құран оқу жарысына қатысып, өздерінің білім деңгейі мен Құран жаттау қабілеттерін сынға салды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас буын арасында Құранға деген сүйіспеншілікті арттыру, қасиетті кітапты үйренуге ынталандыру және діни сауаттылықты дамыту болып табылады.

Жарыс барысында шәкірттер Құран аяттарын мәнерлеп, тәжуид ережелеріне сай оқып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Байқау соңында «Ар-Рахман» мешітінің қатысушылары ынталандыру сыйлықтарымен марапатталып, рухани жігер мен шабыт алды.

Аталған шара – Құран ілімін дәріптеу, жас ұрпақтың рухани тәрбиесін күшейту және қоғамда имандылық пен ізгілік құндылықтарын насихаттауға бағытталған игі бастама болып табылады.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz