ҚМДБ -ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің
бастамасымен «Уақып» корпоративтік
қайырымдылық қорының 2025 жылға арналған жоспарына сәйкес Қарағанды облыстық
«Әнет баба» мешітінде «Уақып сарқылмас сауап» атты семинар өтті.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының
ұйымдастыруымен өткен семинарға ҚМДБ «Уақып» қорының Төрағасы Азамат
Әбдікерімұлы, Төраға орынбасары Абдуайт Абдуалибек Анарқұлұлы, сондай-ақ
облысқа қарасты қала және аудан имамдары қатысты.
Семинар барысында Азамат Әбдікерімұлы қордың негізгі бағыттары, алдағы
жылға арналған жоспарлары мен қайырымдылық бастамаларын таныстырып, өңір
имамдарына нақты әдістемелік ұсыныстар берді.
Ол сондай-ақ уақып жүйесінің қоғамдағы рөлін айқындап, қайырымдылық ісін тұрақты
дамытудағы маңызын атап өтті.
Ал өз кезегінде Төраға орынбасары Абдуайт Абдуалибек Анарқұлұлы уақыптың
мәні мен мақсаты туралы баяндама жасап, қатысушыларға түсіндірме жұмыстарын
жүргізді.
Семинар соңында қатысушылар ҚМДБ-ның «Уақып» қоры арқылы атқарылып жатқан
игі істердің қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және мешіттер
қызметін жүйелеуге қосар үлесінің зор екенін атап өтті.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы