Center Image
IHSAN.KZ
«Әл Машани» мешітінде білім мен иман ұштасқан сайыс өтті
«Әл Машани» мешітінде білім мен иман ұштасқан сайыс өтті

Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Гүлнұр Қаныбекқызының ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері арасында Құран ілімін тереңдетуге бағытталған білім сайысы өтті.

Сайыс барысында шәкірттер Құранда жиі кездесетін сөздерді жатқа айтып, аяттардан мысал келтіріп, топтық түрде өз білімдерін сынады.

Бұл шараның басты мақсаты – бастауыш деңгейде өткен араб тілі сабақтарын пысықтау және Құран аяттарын түсініп оқуға дағдыландыру болып табылады.

Білім сайысы жоғары деңгейде өтіп, белсенділік танытқан шәкірттерге арнайы сыйлықтар табысталды.

Мешіт ұстазды мұндай шаралар шәкірттердің ынтасын арттырып, діни білімге деген қызығушылығын күшейтетінін атап өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz