Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінде «Қамқор Шарапат» салттық қызмет көрсету бағыты аясында марқұмға кебін дайындау жөнінде дәріс ұйымдастырылды.
Шараны Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің молдасы Абдуллаев Абдраим жүргізді.
Дәріс барысында қатысушылар марқұмды қалай дұрыс дайындау керектігі, ислам дәстүрлері мен талаптары туралы толық мәлімет алды.
Мешіт ұжымы мұндай білім беру шаралары қоғамда діни сауаттылықты арттыруға, дәстүрлі рәсімдерді дұрыс орындауға септігін тигізетінін атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы