Шет ауданына қарасты Ақадыр кенті «Иса Молла» мешітінің ұстазы Әлия Рахманқызының ұйымдастыруымен әйел қыздар жамағаты арасында интеллектуалды жарыс өтті.
Шара «Би-шешендер, жыраулардың сөздері – халықтың тәрбие құралы» тақырыбында өткізілді.
Қатысушылар Бұқар Жыраудың жырларын, Төле бидің сөздерін жатқа айтып, өз білімдерін сынға салды.
Жарыс соңында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар 1, 2 және 3 орындарға ие болып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Мешіт ұжымы мұндай шаралардың әйелдер арасында ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге, рухани құндылықтарды насихаттауға үлкен үлес қосатынын атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы