Center Image
IHSAN.KZ
ОБЛЫС БАС ИМАМЫ СҰРЫПТАУ КЕНТІ «АҚЫТ ҚАЖЫ» МЕШІТІНЕ БАҚЫЛАУ -БАСҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
ОБЛЫС БАС ИМАМЫ СҰРЫПТАУ КЕНТІ «АҚЫТ ҚАЖЫ» МЕШІТІНЕ БАҚЫЛАУ -БАСҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы Әлихан Бөкейхан ауданына қарасты Сұрыптау кенті «Ақыт қажы» мешітіне бақылау-басқару жұмыстарын жүргізу мақсатында іссапармен барды.

 

Қызметтік сапар барысында Сұрыптау кенті «Ақыт қажы» мешітінің имамы Мамбар Жанарбек өңірдегі діни ахуал жөнінде баяндама жасады. Сондай-ақ соңғы уақытта жүзеге асқан игі істер мен алдағы жоспарлар туралы да ақпарат берді.

 Сапар барысында Жергілікті «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының жұмысы қаралды. Осы бағыт аясында өңірдегі зират маңына арнайы барып, жоспарға алынып жатқан игі жобамен танысты. Атап айтқанда, аймақтағы зиратқа бөлінген 3 гектар жер телімі алдағы уақытта «Қамқор-Шарапат» жобасы бойынша жерлеу рәсімдерін шариғат талаптарына сай өткізу мақсатында пайдаланылатын болады.

Шара барысында облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы бабалар рухына Құран бағыштап, ел мен жердің тыныштығы үшін дұға жасады 

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz