Дін мен дәстүр құндылықтарын қайта жаңғырту мақсатында Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында қазақтың ұлттық ойындарынан сайыс өтті.
Шара барысында жамағат бірнеше топқа бөлініп, дәстүрлі ойындардан өз шеберліктерін сынады. Ойындар қатарында:
- Садақ ату,
- Арқан тарту,
- Асық ату ойындары болды.
Ойындар тартысты түрде өтіп, жеңімпаздар алғыс хаттармен және қаржылай марапатталды.
Сонымен қатар, қатысушылардың барлығы ұлттық ойындар арқылы бір-бірімен жақсы қарым-қатынас жасап, рухани әрі мәдени тәжірибе алды.
Мешіт ұжымы өткізген бұл шара жастар мен ересек жамағатқа қазақ ұлттық дәстүрін дәріптеу, дене тәрбиесі мен бірлікті нығайту мақсатында ерекше әсер қалдырды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы