Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ «ӘНЕТ БАБА» МЕШІТ ЖАНЫНАН «SAUAP» ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ «ӘНЕТ БАБА» МЕШІТ ЖАНЫНАН «SAUAP» ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасымен елімізде «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының қызметі қарқынды дамып келеді. Осы бағыт аясында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің жанынан «SAUAP» атты жаңа дүкеннің ашылу рәсімі өтті.

Шараға ҚМДБ «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының төрағасы Азамат Әбікерімұлы, сондай-ақ Төраға орынбасары Абдуалибек Анарқұлұлы мен облыс дін қызметкерлері  қатысты.
 
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен өткен жиында дүкеннің лентасы қиылып, жиналғандар жаңа нысанның игі мақсатта жұмыс істеуіне тілектестік білдірді.

Айта кетсек, ашылған «SAUAP» дүкені толықтай «Уақып» қорының меншігіне өтті.

Бұл игі бастама — еліміздегі уақып жүйесін жандандыру, сондай-ақ қайырымдылық мәдениетін кеңінен насихаттау жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып саналады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz