ҚМДБ-ның «Діни оқу ағарту» бағытының жылдық жоспары аясында Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен Қарағанды облысында тұңғыш рет Брайль жүйесінде Құран оқуды үйрету жобасының ашылу рәсімі өтті.
Шара Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада өтті. Ашылу рәсіміне ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша «Оқу-ағарту» бағытының жауапты өкілі Сұлтан Мауратұлы қатысып, жобаның лентасын қиды.
Бұл игі бастама аясында Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұстаздары арнайы кітапханада зағип жандарға Брайль әдісімен Құран Кәрімді оқуды үйрететін тұрақты дәрістер жүргізетін болады.
Жоба мүмкіндігі шектеулі жандардың діни білім алуына жол ашып, рухани қолдау көрсетуге бағытталған маңызды қадам болып отыр.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы