ҚМДБ «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының игі бастамаларының бірі ретінде Қарағанды қаласындағы «Бес қазан» отбасылық мейрамханасына ресми түрде «Уақыпнама» сертификаты табысталды.
Шараға ҚМДБ «Уақып» қорының төрағасы Азамат Әбікерімұлы, сондай-ақ қор төрағасының орынбасары Абдуалибек Анарқұлұлы қатысып, мейрамхана ұжымына сертификатты арнайы табыс етті.
«Уақыпнама» сертификатына ие болу — кәсіп иесінің қайырымдылық істі жүйелі түрде қолдауға ниетті екенін білдіреді. Осыған сәйкес, алдағы уақытта «Бес қазан» мейрамханасы өз табысынан белгілі бір бөлігін әлеуметтік жобалар мен мұқтаж жандарға бағытталатын қор жұмыстарын қолдауға жүйелі түрде бөліп отыратын болады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы