ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Шет ауданында «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында кезекті 868-баспананың кілтін табыстады.
Игі іс-шараға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының облыс бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы және аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы арнайы қатысып, игі іс-шараға демеушілік еткен дін жанашырларына алғыстарын білдірді.
Айта кетсек, «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында берілген екі бөлмелі баспана Шет ауданының тұрғынына табысталды. Әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасы үш баланы тәрбиелеп отыр.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы