ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді. ⠀
«Әбу Ханифа және Ханафи ғалымдары мен олардың еңбектері»,- тақырыбында уағыз айтқан Бас имам: «Имам Ағзам Әбу Ханифа бастаған ұлы ғалымдардың даналығы мен ілімі – шариғаттың шамшырағы, адамзатқа тура жол нұсқаған мәңгі мұра. Біздің де борышымыз – ата-бабамыз жүрген Ханафи мәзһабының сара жолын берік ұстанып, ілім мен иманды ұштастырып, бірлік пен бауырмалдықты өміріміздің өзегіне айналдыру»,-деді.
Бас имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел мен жер үшін шейіт болған батырлар руһына Құран бағыштап, халқымыздың тыныштығы үшін дұға жасады. ⠀
⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы