Ар-Рахман мешітінде тұрақты түрде сира пәні бойынша сабақтар жүргізілуде. Аталған сабақтар барысында Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ өмірі, хадистері, ислам тарихындағы маңызды оқиғалар жан-жақты талданып, қатысушыларға діни білім беру мен рухани тәрбиелеу мақсаттары жүзеге асырылуда.
Дәріс өткізуші Жолдыбаев Заңғар ұстаз сира сабақтарына қатысу қатысушыларға төмендегідей артықшылықтар беретінін жеткізеді:
Пайғамбарымыздың ﷺ өмірі мен іс-әрекеттерінен үлгі алу мүмкіндігі;
Ислам тарихын тереңірек түсіну және талдау дағдыларын дамыту;
Діни сауаттылықты арттыру арқылы рухани деңгейді көтеру.
Бұл сабақтар мешіттің тұрақты оқу бағдарламасының бір бөлігі болып табылады және діни білім алу үшін жүйелі түрде ұйымдастырылуда.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы