«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен «Исламдағы бала тәрбиесі» атты әйелдер жамағатына арналған семинар-тренинг өтті.
Шара барысында қатысушыларға исламдағы бала тәрбиесінің негізгі қағидалары, ата-ананың жауапкершілігі, отбасындағы рухани тәрбие мен балаға дұрыс мінез қалыптастыру жолдары түсіндірілді.
Семинарға спикер ретінде Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің және Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінің ұстазы Гүлнұр Қаныбекқызы арнайы шақырылып, тақырып төңірегінде мазмұнды тренинг өткізді. Ол бала тәрбиесінде мейірім, әділдік, үлгі көрсету және дұға жасаудың маңызына тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, алған білімдерінің күнделікті отбасылық өмірде маңызды екендігін атап өтіп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы