Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінде «Дін мен дәстүр» интеллектуалды сайысы өтті
«Төлеутай ата» мешітінде «Дін мен дәстүр» интеллектуалды сайысы өтті

«Дін мен дәстүр» бағыты аясында Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағаты арасында «Дін мен дәстүр» атты интеллектуалды сайыс өтті.


Сайыс екі кезең бойынша жүргізілді. Қатысушылар қазақ халқының дәстүрлері мен салт-санасына, сондай-ақ мақал-мәтелдердің мағынасына қатысты сұрақтарға жауап беріп, өлең талдау тапсырмасын да орындады.

Дәстүрі жойылған халықтың ұлт ретінде бірегейлік қасиеті де жойылады деген ұстаным айрықша аталып өтіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызы түсіндірілді.

Жарыс қорытындысы бойынша:

 3-орын – Алмахан Сатыбалдиевна;

 2-орын – Көпірбаева Алмажан;

 1-орын – Марал Оңдалықызы.

Жеңімпаздар арнайы марапаттармен ынталандырылды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz