Абай аудандық орталық мешітінде жамағаттың діни сауатын арттыру мақсатында «Құран оқып үйренейік» атты дәрістер жалғасын табуда.
Аталған дәрісті мешіт наиб имамы Есбол Оңал жүргізіп келеді. Сабақ барысында қатысушыларға Құран әліппесі, тәжуид ережелері, аяттарды дұрыс әрі мәнерлеп оқу тәсілдері жан-жақты түсіндірілуде.
Сонымен қатар дәрістерде Құран аяттарының мағынасы мен рухани тағылымы да кеңінен насихатталып, жамағаттың сұрақтарына жауаптар беріледі.
Бұл дәрістер жамағаттың Құранға деген сүйіспеншілігін арттырып, діни білімін тереңдетуге зор үлес қосуда.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы