Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде орыс ұлтының өкілі Дмитри Анатолиұлы жүрек қалауымен ислам дінін қабылдап, мұсылман қауымының қатарына қосылды.
Мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы асыл дініміз – исламның негізгі құндылықтарын кеңінен түсіндіріп, иман негіздері мен исламдағы бес парыз туралы жан-жақты насихат айтты.
Сондай-ақ адам баласын тура жолға бастайтын имандылық, ізгілік, сабыр мен жауапкершілік секілді асыл қасиеттерге ерекше тоқталды.
Шара соңында жаңадан мұсылман болған бауырымызға діни сауатын арттыру мақсатында «Намаз оқып үйренейік» және «Тауһид – бір бүтін сенім» атты кітаптар сыйға тартылып, ақжарма тілектер білдірілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы