Қарағанды облысы, Теміртау қаласының бас имамы Ақниет Сәлімбайұлының ұйымдастыруымен қала имамдарының алдағы аттестацияға дайындық жұмыстары пысықталды.
Кездесу барысында аттестация талаптары жан-жақты түсіндіріліп, діни қызметкерлердің білім-білімі мен дайындық деңгейіне қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, қойылған талаптарға сай жүйелі түрде дайындалу, діни білімді жетілдіру және қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен атқару мәселелері назарға алынды.
Жиын соңында Теміртау қаласының бас имамы Ақниет Сәлімбайұлы имамдарға алдағы аттестацияға тыңғылықты дайындалып, білімдері мен біліктіліктерін жоғары деңгейде көрсетуге тілектестігін білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы