Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде ұстаз Фархад Нұрланұлының жетекшілігімен ұйымдастырылған «Уқудуль Джуман» дәрістер топтамасы қорытындыланды.
Дәрістер барысында ислам құқықтану ғылымының негізін қалаған ұлы ғалым, Имам Ағзам Әбу Ханифаның өнегелі өмірі мен мол ғылыми мұрасы жан-жақты таныстырылды. Қатысушылар ғалымның білім іздеу жолы, тәлім алған ұстаздары мен тәрбиелеген шәкірттері, фиқһ іліміне қосқан елеулі үлесі жөнінде құнды мәліметтер алды.
Сонымен қатар Имам Ағзамның білімге деген ыждаһаты, әділдігі, тақуалығы, ұстазға құрметі мен көркем мінезі кеңінен сөз болып, оның өмір жолынан бүгінгі ұрпаққа үлгі боларлық тағылымдар жеткізілді.
Дәрістің басты мақсаты – жамағатқа Ислам өркениетінде өзіндік орны бар ғалымның ғибратты ғұмырын таныстырып қана қоймай, оның білімге құштарлығы мен адамгершілік қасиеттерін өмірге өнеге етуге үндей түсу.
«Уқудуль Джуман» дәрістер топтамасы жамағаттың діни сауатын арттырып, Ислам ғұламаларының өмірі мен еңбектерін тереңірек зерделеуге жол ашқан тағылымды білім алаңы болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы