Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Топар кентіндегі «Жұмабек Тәшен» мешітінде жамағатқа «Уақып – сарқылмас қазына» тақырыбында уағыз айтылды.
Уағыз барысында уақыптың ислам дініндегі маңызы мен қоғамдағы орны кеңінен түсіндірілді. Жамағатқа уақып жасаудың сауабы, оның игілігі мен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын қайырлы амал екені айтылды.
Сонымен қатар ата-бабаларымыздан келе жатқан уақып дәстүрі, мешіттер мен қайырымдылық нысандарын қолдаудың маңызы сөз болды. Жамағатты мүмкіндігіне қарай ізгі істерге үлес қосып, халыққа пайдасы тиетін қайырлы амалдарға атсалысуға шақырды.
Уақып – қоғамның әлеуметтік және рухани дамуына үлес қосып, игілігі көпшілікке тиетін сауапты амалдардың бірі. Осы бағыттағы насихат жамағатқа қайырымдылықтың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы