Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде Дүниежүзілік тазалық күніне орай «Тазалық – иманның жартысы» жобасы аясында тазалық акциясы ұйымдастырылды.
Игі шара барысында мешіт ауласы мен оның айналасы тазаланып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке мешіт қызметкерлері мен жамағат өкілдері қатысып, тазалық жұмыстарына белсене атсалысты.
Акцияның негізгі мақсаты – тазалықтың адам өміріндегі және мұсылмандық мәдениеттегі маңызын насихаттау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақыру және көпшілікпен бірге игі іске үлес қосудың мәнін көрсету.
Тазалық – қоршаған ортаның көркі ғана емес, адамның мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі. Осы орайда мешіт ұжымы жамағатпен бірлесе отырып, айналаны таза ұстау мен қоғамдық ортаға жанашырлық танытудың үлгісін көрсетті.
Қайырлы іске атсалысқан мешіт қызметкерлері мен жамағат өкілдеріне алғыс білдіріледі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы