Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің имамы Оралбай Әділбекұлының ұйымдастыруымен «Берекелі шаңырақ – адал қоғам негізі» тақырыбында рухани-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Шараға “Дін мен дәстүр” бағытының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы арнайы қатысты. Жиын барысында отбасы құндылықтары, шаңырақтың берекесі, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілік жайында тағылымды әңгімелер айтылды. Отбасының қоғамдағы маңызы мен ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу мақсатында қазақ халқының тағылымды дәстүрлерінің бірі – ат қою және тұсау кесу рәсімдері өткізілді. Рәсімдер барысында дәстүрдің тәрбиелік мәні мен ұрпаққа берер өнегесі сөз етілді.
Іс-шара соңында қонақтарға ақ дастархан жайылып, ізгі тілектер айтылып, көпшілікке рухани әсер сыйлаған мазмұнды басқосу өз мәресіне жетті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы