Center Image
IHSAN.KZ
Қазақ даласындағы уақып мәдениеті насихатталды
Қазақ даласындағы уақып мәдениеті насихатталды

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде жамағатқа «Қазақ даласындағы уақып мәдениеті» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтылды.

Мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы уағыз барысында уақыптың исламдағы орны мен маңызына тоқталып, оның қоғам игілігіне бағытталған қайырымдылықтың үздіксіз түрі екенін түсіндірді. Сондай-ақ қазақ даласында қалыптасқан уақып дәстүрінің тарихи маңызы мен халықтың әлеуметтік және рухани өміріндегі рөлі туралы кеңінен баяндады. ҚМДБ материалдарында да қазақ жеріндегі уақыптардың мешіт, медресе және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қолдауға қызмет еткені айтылады. 

Уағыз соңында жамағатты игілікке ұмтылып, қайырымдылық жасауға және қоғамға пайдалы істерге үлес қосуға шақырды.




Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz