Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Машани» мешітінде жастарға нашақорлықтың зияны түсіндірілді
«Әл-Машани» мешітінде жастарға нашақорлықтың зияны түсіндірілді
Қарағанды қалалық “Әл Машани” мешітінде «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен «Нашақорлық — құрдымға жетелейді» тақырыбында семинар өтті.

Кездесу барысында нашақорлықтың адам денсаулығына, отбасы мен қоғамға тигізер зияны сөз болып, жастарға оның алдын алу жолдары түсіндірілді. Сондай-ақ жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, уақытын тиімді пайдалануға және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырған тағылымды әңгімелер айтылды.

Іс-шараның басты мақсаты — жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтып, оларды теріс әдеттерден сақтандыру және салауатты өмір салтын насихаттау.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz