Center Image
IHSAN.KZ
«Уақып – сауапты іс, сарқылмас қазына» тақырыбында уағыз айтылды
«Уақып – сауапты іс, сарқылмас қазына» тақырыбында уағыз айтылды

Қарқаралы ауданына қарасты Қарағайлы кенті мешітінде жамағатқа «Уақып – сауапты іс, сарқылмас қазына» тақырыбында тағылымды уағыз айтылды.

Мешіт имамы Тезекбай Ғалым уағыз барысында уақыптың мән-мағынасына тоқталып, оның Ислам дініндегі маңызы жөнінде кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ уақыптың мешіт, медресе және басқа да қайырымды істердің дамуына үлес қосатын сауапты амал екені айтылды.

Жамағатты ізгілікке, қайырымдылық жасауға және қоғам игілігіне қызмет ететін сауапты істерге атсалысуға шақырған насихат айтылды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz