Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде өткен рухани мәуліт кеші аясында әлеуметтік көмекке мұқтаж 10 отбасыға «Мәуліт сыйлығы» ретінде қаржылай көмек үлестірілді.
Қайырымдылық шарасының негізгі мақсаты – көпбалалы және жалғызбасты аналарға қолдау көрсетіп, олардың көңіліне қуаныш сыйлау, сондай-ақ қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.
Игі бастама аясында отбасыларға көрсетілген көмек олардың тұрмысына демеу болып, рухани кештің мазмұнын қайырымдылықпен толықтырды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы